Әлжан орта мектебіндегі 24 қазан күні өткізілген «Универсиадаға 100 күн» атты таңғы дене жаттығуының есебі
Мектеп оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сарина Алтынгүл Теміртасқызы құттықтау сөз сөйледі және дене тәрбиесі мұғалімі Байқал Ертарғын Алматы қаласында өткізілетін Универсиада жайлы,ашылуына 100 күн қалғандығы туралы қысқаша түсіндіріп өтті .Оқушылар топтың аты,ұранымен таныстырып,арнайы жіберілген видео арқылы түрлі қозғалмалы жаттығуларды жасады.
Әлжан орта мектебіндегі «Махаббат пен Шығармашылық педагокиасы» атты өзін-өзі тану пәніндегі дәстүрлі онкүндігіндегі «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі есебі.
11- ақпан күні мектебімізде «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі өтті.
Онда оқушылар Ана, Отан, достық, бірлік, тағы басқа тақырыптарда ән орындап, би биледі.
Мектебімізде өзін-өзі тану пәніндегі онкүндіктің жабылу сәті қорытындыланып, белсенділік танытқан, сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен, Мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды
Дебат клубының жұмысы
"Дос болайық" акциясы аясында дебат жұмысы өткізілді.
Әлжан негізгі мектебіндегі дебат клубының жетекшісі Алькеева А.Т.-ның ұйымдастыруымен "Мектеп формасы" тақырыбында 7,8-сынып оқушылары арасында пікірталас өткізілді.Оқушылар мектеп формасы қажет және оған қарама-қарсы пікірді қорғап, өз ойларын ортаға салды. Дебат клубының мақсаты: оқушыларды өз пікірлерін аргументивті түрде қорғауға үйрету.