Құрметті әріптестер, мектеп оқушылары мен мектеп түлектері, ата-аналар!Сіздерді Әлжан негізгі мектебінің саитында қарсы алуға қуаныштымын.
Саитта мектептің ең маңызды оқиғалары мен жаңалықтары,оқу-тәрбие процесін реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілер,әкімшілік пен мұғалімдер туралы мәліметтер бар.Біздің виртуалды платформада әрқайсыңыз өзіңізге пайдалы және жаңа нәрсені таба аласыз!
Біздің мектеп ең маңызды мемлекеттік міндетті шешеді, ол-балаларды оқыту мен тәрбиелеу.Осы міндетті бірлесе шешетін тамаша серіктестеріміз бар,олар-ата-аналар,мектеп түлектері, қамқоршылық кеңес.Біз шетте қалмай мектептің дамуына, бала тәрбиесіне белсене ат салысқандарға үлкен алғысымызды білдіреміз.Өйткені, балаларды оқыту мен тәрбиелеу, қамқорлық жасау-біздің ортақ міндетіміз. Саит мектеп жұмысының ашықтығын көрсету үшін және балалардың оқуына барлық жағдай жасалғандығын көрсету мақсатында құрылған.Саитта ата-аналарға арналған кері байланыс рубрикасы бар.Мектеп жұмысын ұйымдастыру және бала тәрбиесіне қатысты ұсыныстарыңыз бен сұрақтарыңызды күтеміз. Құрметпен, мектеп директоры Сарина Алтынгуль Темиртасовна
1-Наурыз Әлжан орта мектебінде Алғыс айту күні болды. Барлық оқушылар ата-аналарына, сүйікті мұғалімдеріне өз тілектерін жазып ,ашық хаттар жасап, "Тілек жәшігіне" салды.