Әлжан орта мектебіндегі 24 қазан күні өткізілген «Универсиадаға 100 күн» атты таңғы дене жаттығуының есебі
Мектеп оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сарина Алтынгүл Теміртасқызы құттықтау сөз сөйледі және дене тәрбиесі мұғалімі Байқал Ертарғын Алматы қаласында өткізілетін Универсиада жайлы,ашылуына 100 күн қалғандығы туралы қысқаша түсіндіріп өтті .Оқушылар топтың аты,ұранымен таныстырып,арнайы жіберілген видео арқылы түрлі қозғалмалы жаттығуларды жасады.
Әлжан орта мектебіндегі «Махаббат пен Шығармашылық педагокиасы» атты өзін-өзі тану пәніндегі дәстүрлі онкүндігіндегі «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі есебі.
11- ақпан күні мектебімізде «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі өтті.
Онда оқушылар Ана, Отан, достық, бірлік, тағы басқа тақырыптарда ән орындап, би биледі.
Мектебімізде өзін-өзі тану пәніндегі онкүндіктің жабылу сәті қорытындыланып, белсенділік танытқан, сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен, Мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды
Алаяқтықтан сақтан
Әлжан негізгі мектебінің 5-8-сынып оқушыларымен Лобан селолық округінің учаскелік инспекторы мен жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор алаяқтық туралы әңгімелесу жүргізді.
Әлжан негізгі мектебінің 5-8-сынып оқушыларымен Лобан селолық округінің инспекторы Жандарбек пен Имантау селосының жасөспірімдер жөніндегі инспекторы келіп мектеп оқушыларымен алаяқтық жөнінде, одан сақтану жолдары, алаяқтық түрлері туралы ақпарат берді. Оқушылардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.