Әлжан орта мектебіндегі 24 қазан күні өткізілген «Универсиадаға 100 күн» атты таңғы дене жаттығуының есебі
Мектеп оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сарина Алтынгүл Теміртасқызы құттықтау сөз сөйледі және дене тәрбиесі мұғалімі Байқал Ертарғын Алматы қаласында өткізілетін Универсиада жайлы,ашылуына 100 күн қалғандығы туралы қысқаша түсіндіріп өтті .Оқушылар топтың аты,ұранымен таныстырып,арнайы жіберілген видео арқылы түрлі қозғалмалы жаттығуларды жасады.
Әлжан орта мектебіндегі «Махаббат пен Шығармашылық педагокиасы» атты өзін-өзі тану пәніндегі дәстүрлі онкүндігіндегі «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі есебі.
11- ақпан күні мектебімізде «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі өтті.
Онда оқушылар Ана, Отан, достық, бірлік, тағы басқа тақырыптарда ән орындап, би биледі.
Мектебімізде өзін-өзі тану пәніндегі онкүндіктің жабылу сәті қорытындыланып, белсенділік танытқан, сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен, Мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды
Педагогикалық қолдау орталығының жұмысы
Әлжан негізгі мектебінде педагогикалық қолдау орталығының кезекті отырысы мен ата-аналар жиналысы өтті.
Педагогикалық қолдау орталығының кезекті отырысы барысында ата-аналарға жастар арасыңдағы құмар ойындар,жасөспірімнің желідегі әрекеті,ақпараттық қауіпсіздік туралы ақпараттар берілді.Ата-аналар жиналысында 5-8-сынып оқушыларының арасында 27-30 мамыр аралығында өтетін қазақ тілі пәнінен емтихан туралы түсінік берілді.