Құрметті әріптестер, мектеп оқушылары мен мектеп түлектері, ата-аналар!Сіздерді Әлжан негізгі мектебінің саитында қарсы алуға қуаныштымын.
Саитта мектептің ең маңызды оқиғалары мен жаңалықтары,оқу-тәрбие процесін реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілер,әкімшілік пен мұғалімдер туралы мәліметтер бар.Біздің виртуалды платформада әрқайсыңыз өзіңізге пайдалы және жаңа нәрсені таба аласыз!
Біздің мектеп ең маңызды мемлекеттік міндетті шешеді, ол-балаларды оқыту мен тәрбиелеу.Осы міндетті бірлесе шешетін тамаша серіктестеріміз бар,олар-ата-аналар,мектеп түлектері, қамқоршылық кеңес.Біз шетте қалмай мектептің дамуына, бала тәрбиесіне белсене ат салысқандарға үлкен алғысымызды білдіреміз.Өйткені, балаларды оқыту мен тәрбиелеу, қамқорлық жасау-біздің ортақ міндетіміз. Саит мектеп жұмысының ашықтығын көрсету үшін және балалардың оқуына барлық жағдай жасалғандығын көрсету мақсатында құрылған.Саитта ата-аналарға арналған кері байланыс рубрикасы бар.Мектеп жұмысын ұйымдастыру және бала тәрбиесіне қатысты ұсыныстарыңыз бен сұрақтарыңызды күтеміз. Құрметпен, мектеп директоры Сарина Алтынгуль Темиртасовна
Іс-әрекеттер алгоритмі алдын-алу жұмыстары
26 қаңтар -2 ақпан аралығында Алдын алу жұмыстары жүргізілді
Жұмыс жоспары жасалынып алдын алу жұмыстары жүргізілді. Ата-аналармен әлеуметтік желі жайлы ақпараттандыру жұмысы жасалынды. Шағын орталықта "Бала дамуына теледидар әсері", "Теледидар және бала" тақырыптарында әңгімелесулер өтсе,5-6 сынып аралығында "Телефон мен компьютердегі ойындар :тәуелдісің бе?" атты сұрақ жауап, өзара пікіралысу болды.7-11 сыныптар "Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны" тақырыбы аясында оқушылар постер, суреттер салу арқылы, диаграмма толтыру арқылы өз ойларын ортаға салды.